Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Ақмола облысы

Жерлестеріміздің кезекті табысы

Жерлестеріміздің  кезекті  табысы

Ағымдағы  жылдың   8-10 ақпаны  күндері   Көкшетау  қаласындағы    «Қайрат»   спорттық  залында   Қазақ  күресінен   2002-2003 жылдарғы  кішіжасөспірім    ұлдар  мен  қыздар    арасында  облыстық  іріктеу   чемпионаты  өтті. Оған  Көкшетау, Сандықтау, Атбасар, Жар-қайың, Бурабай, Бұланды, Целиноград, Қор- ғалжын, Астрахан, Біржан  сал және   Зеренді  ауданының  балуандары  қатысты. Біздің   өңірдің  намысын   Айдабол, Симферополь, Березняковка және  Бірлестік  орта  мектептерінің   спортшылары  қорғады.

Тартысты  өткен   белдесулердің  нәтижесінде     жерлестеріміз   жеңіс  тұғырының  барлық  сатыларына  көтерілді.  Атап  айтқанда   40  килограмға  дейінгі   салмақ  дәрежесінде   (кг.д.с.д.)  Бірлестік  ОМ   оқушылары  - Айжан  Мұғжанова  чемпион  атанса,   Қабдраш  Дильназ - екінші,  Боранбай  Ұлжан-үшінші  орындарды   жеңіп  алды.  Бірлестіктер  басқа  да    салмақ   дәрежелерінде    жүлдегерлер  қатарынан  көрінді.  48 кг.д.с.д  - Рахмет  Дильназ (II орын),  57 кг.д.с.д –Бақытжан Диана  (I орын), Амангелді  Дәрия  (II орын).

Басқа  салмақтарда  күрес  алаңына    шыққан   жерлестеріміз  де  сәтті  өнер   көрсетті. Олардың  арасынан   симферопольдықтар:  63 кг.д.с.д – Анастасия  Талапованы, 64 кг.д.с.д   -Көпен  Алдиярды,  72  кг.д.с.д -Махмут  Машаруповты  (Березняковка  ОМ) және  81  кг.д.с.д-  Бекзат  Рамазановты   (Айдабол  ОМ)  ерекше   атап  өтуге  болады.

Чемпионат  қорытындысында   1-3 орын   алған  ұл-қыздарымыз  ағымдағы  жылдың   11-14  наурызы  аралығында  Ақтөбе  қаласында   өтетін  Қазақстан  чемпионатында     Ақмола  облысының   намысын  қорғайтын  болады. 

Сөз  соңында  шәкірттері  жетістіктерге   жеткен   жаттықтырушылар-Еркебұлан  Нұрғазиннің (Березняковка ОМ), Шыңғыс  Әбілмәженовтің  (Симферополь ОМ), Жұман  Кеңесұлының  (Бірлестік  ОМ)  және  Қуаныш  Шәкәрімовтің  ерен  еңбектері  үшін  алғыс  сезімімді   білдіргім  келеді.

басқа жаңалықтар