Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Ақмола облысы

Шорт-тректен өңір чемпионаты

Шорт-тректен өңір чемпионаты

Ағымдағы  жылдың  алғашқы  айында  Күсеп ауылдық округіндегі   Куропаткино  орта мектебінің мұз айдынында конькимен жүгіруден (шорт-трек) аудан чемпионаты өтті. Аталған жарысқа 7, атап  айтқанда    Зеренді, Күсеп, Симферополь, Алексеевка, Бәйтерек, Садовый және С.Сейфуллин атындағы  округтерінің     30  спортшылары   қатысып, жүлделі  орындарды  сарапқа  салды.ан көрінуге бар күш-жігерлерін салды. Округтер:Зеренді, Күсеп, Симферополь, Алексеевка, Бәйтерек, Садовый және С.Сейфуллин атындағы а/о.

Шараның басты мақсаты - өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, жастардың  спорт түрімен шұғылдануына жол ашу, оңтайлы   жағдайлар  жасау   болып  табылады.

Конькимен жүгіру спорты – бұл физикалық қозғалыстың бір түрі, яғни адамның мұз үстінде шапшаң жүгіруі және мұз айдынында мәнерлеп сырғанауы болып табылады.

            Команда құрамы 4  адамнан тұрды: 2 ер адам + 2 әйел адам. Қыздар 500 және 1000 метр қашықтыққа жүгірсе,  жігіттер 500 және 1500 метр қашықтықта   үздікті   анықтады.

Қыздар арасында  1 орынға Симферополь ауылының тумасы Шомат Наргиз ие болды. Екі қашықтықта да жеңімпазға  есе  жіберген  Александра     Герасимова (Бәйтерек а/о) екінші орыннан  көрінсе, Куропаткино ауылының тұрғыны Диана  Искакова жеңіс  сатысының  үшінші  тұғырына  көтерілді. 

            Ерлер  арасында 500 метр қашықтықта  – Есім Рустам (Симферополь а/о) топ  жарса , Күсеп  ауылдық округінің   өкілдері  Александр  Каминский мен   Алихан  Бажиров жүлдегерлер  қатарын  толықтырды.

            1500 метр қашықтықта: 1 орынға – Есім Рустам (Симферополь а/о) лайық  деп танылса,  тағы  да   күсептіктер - Александр  Каминский  екінші,    Андрей  Мель  үшінші   нәтиже   көрсетті.

            Спортшыларымыз  бар  күш-жігерлерін   жұмсап, аса  тартысты  өткен сайыстардың    қорытындысы  бойынша, жалпы командалық орындар  төмендегіше   анықталды: Күсеп ауылдық  округінің   командасы жеңімпаз  болып  танылса, симферопольдықтар  екінші, Бәйтерек  округінің    конькишілері    үшінші   нәтиже   көрсетті.

Жарыс чемпиондары аудан Кубогіне ие болып, жеке  сындағы   жеңімпаздар медальдармен  және  мадақтама  қағаздарымен  марапатталды. 

басқа жаңалықтар