Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Ақмола облысы

Республикалық чемпионатқа жолдама алды

Республикалық  чемпионатқа  жолдама  алды

Ағымдағы  жылдың  8-10 қаңтары  күндері  Көкшетау  қаласының  «Қайрат»  спорттық  кешенінде   қазақ  күресінен 2004-2005 жылдары  туған  жасөспірімдер  арасында    облыстық  іріктеу  сайыстары  өтті. Аталған  спорттық  додаға   Көкшетау, Степногорск қалаларының, Ақкөл, Атбасар, Аршалы, Бұланды, Біржан  сал, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Жарқайың, Сандықтау, Қорғалжын  аудандарының  командалары  қатысты. Біздің   өңіріміздің  намысын     аудан  орталығының  және  өңіріміздегі  бірнеше   орта  мектептердің   балуандары  қорғады.

Аса  тартысты  өткен  белдесулердің  нәтижесінде, спорттық  шеберлік  танытып, қарсыластарынан  басым  түскен    бірнеше  жерлестеріміз  жүлдегерлер  атанды. Олардың  қатарында  42  килограмға  дейінгі  салмақ  дәрежесінде  (кг.д.с.д.) күрес  алаңына   шығып II орын алған  Ұлан  Серіков (М.Ғабдуллин атындағы  Зеренді  қазақ ОМ), жеңіс  тұғырының  III сатысына   көтерілген- 50  кг.д.с.д. Қойшыбай  Жалғас (Бірлестік ОМ), 60  кг.д.с.д. Қуанышбек  Кузибаев (Симферополь ОМ), 73  килограмнан  жоғары  салмақ  дәрежесінде   Али Мақсат  (Айдабол ОМ) болды.

Жоғарыда  есімдері  аталған  балуандарымыз ағымдағы  жылдың  1-4 ақпаны  аралығында  Алматы  қаласында  өтетін   Қазақстан  Республикасының   чемпионатында  Ақмола  облысының  намысын  қорғайтын  болады. 

басқа жаңалықтар