Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Ақмола облысы

«Хоккейді нағыз ерлер ойнайды...»

«Хоккейді нағыз ерлер ойнайды...»

Қыс – бұл  тартылыс  тылсымы   жоғары, көптеген  себептерімен   қайталанбас  ертегілік  жыл  кезеңі.  Оның  ерекше  сәнділігі  әр  адамға  ұмытылмас  әсерлер   қалдырады.  Біреулер  үшін  ол  белсенді  спорт  түрлері  болса, басқаларға  жайлы  үй  жағдайында   сүйікті  кітап  оқу  болып  табылады.

Қыс  қызықтары жоғары  буын өкілдеріне  проблемалы  мәселелерден  ауытқып,  уақытша  болса  да  алыста  қалған  балалық  шағына  қайта   оралуына  мүмкіндік  береді. Дәл  осы  себепте, мұнымен  қатар  мәдени-сауықтыру, салауатты  өмір  салтын  насихаттау  мақсатында  жуырда    №2 Зеренді ОМ  жанынан  мұз  айдынының   ашылуы  күні   Зеренді  аудандық  білім  бөлімі,  спорт  ардагерлері  мен   мектеп оқушыларының  арасында   «допты  хоккей» ойынынан  жолдастық  кездесу  өткізді.

Осы  күні  ауа  райының  күрт   сууына  қарамастан  қызықты  ойынды  тамашалап,  мұз айдынында  сыр- ғанауға  тілек  білдірушілер  саны  айтарлықтай  көп  болды.

Ашылу  салтанатына   спорт, допты  хоккей  спортының  ардагерлері: Пономарева Людмила Александровна, Панов Николай Михайлович, Райфегерсте Иван Оттович, Бержанов Жеңіс  Сейітжанұлы,  Бирюков Николай Леонидович, Попов Николай Константинович, Наумов Николай Иванович, Рукавишников Александр Иванович, Кирилловский Валерий Михайлович, Ли Алексей Енханович, Ивахин Әшім  Төреханұлы, Зверовской Сергей Михайлович, Уфимцев Сергей Николаевич, Ольферт  Петр Петрович, Силантьев Олег Анатольевич, Әсенов Жанболат Қайратұлы, Силантьев Михаил Анатольевич шақырылды.

Игі  шараға  қатысушыларға   аудандық  білім  бөлімінің  басшысы  Жангелді  Уаисов  игі  тілектерге  толы   құттықтау  сөздерін арнап,  мұз  айдынын  әзірлеуге    белсенді    атсалысқан  №2 Зеренді   орта  мектебінің  директоры Бүркіт  Әубәкіров пен  білім ордасының  әкімшілігіне, арнайы  транспорт  бөлген «Сұңқар» СО басшысы  Руслан  Жанашевке алғыс  сезімін  білдірді. Ол  өз  сөзінде  аталған  спорт  түрінің өңірімізде кезінде кеңінен  дамып,  спортшыларымыздың    облыстық   сайыстарды   бірнеше   рет  жеңіп  алғандарына, көптеген   белгілі  спортшылардың  жетістіктеріне   тоқталып, жоғары  буын өкілдерінің   үлгі    тұтарлық  көрсеткіштері  өскелең  ұрпақ өкілдерін  спорттпен  айналысуға тарту, уақытты      денсаулығы  үшін   тиімді  өткізу    жолында маңызды  орын  алатынына  назар  аударды. Ұзақ  жылдар   аудандық  спорт  комитетін  басқарған  Иван  Райфегерсте  өңірімізде  допты  хоккей  спортын  жаңғырту жұмыстарының  қолға алынып  отырғанына қуанышын  білдірді

Ашылу  салтанатының  ресми  бөлігі  мәресіне  жеткеннен  кейін мектеп  оқушылары,  спорт  ардагерлерінің    қатысуымен   турнир  ұйымдастырылды.  Кездесудегі  допты  ойынға  қосу   құрметі  аталған  спорт  түрінен  Зеренді  ауданының, Көкшетау  облысының   бірнеше дүркін чемпионы Николай  Поповқа  берілді.   Жангелді  Өсімжанұлы  ардагерлер  қатарында  алаңға  шығып, спортпен  айналысудың   пайдасын  іс  жүзінде  дәлелдей  білді.

Сайыстар   мәресіне  жеткеннен  кейін  спорт  ардагерлері  естелік  сыйлықтармен  марапатталып,  №2 Зеренді  орта  мектебіне   допты  хоккей  ойнауға  арналған  15 жұп  конькилер  мен  доптаяқтардың  сертификаты    табыс етілді.    

Барлық  қатысушыларға   мәдени   бағдарлама  ұйымдастырылып, ыстық шай  мен   тағамдар ұсынылды.

басқа жаңалықтар