Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Ақмола облысы

Ақынның шығармашылығына арналды

Ақынның шығармашылығына арналды

Әбділда Тәжібаев –   көрнекті ақын, драматург, әдебиет, театр зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі. Ұлттық   әдебиетіміздегі    аса   ірі  тұлғаларының бірі.

Қызылорда  қаласының   тумасы   Әбділдә Тәжібаевтің  дүние  есігін  ашқанына    биыл  110 жыл  толып  отыр.

Осы  айтулы   күннің   құрметіне   Сәкен Сейфуллин атындағы орта  мектебінің    оқушыларымен,     мақсаты    Әбділда  Тәжібаевтың   туған  еліне,  халқына, ана тіліне  деген сүйіспеншілігі   тақырыбында жазылған  өлеңдері  арқылы  шәкірттерді  ұлттық пат-риотизмге, жігерлілікке тәрбиелеу  болып  табылатын   тәрбие  сағатын   өткіздім.

Іс-шара барысында оқушылардың орындауында «Қазақстан», «Сырдария», «Шабытым жайсын қанатын» т.б. өлеңдері, прозалық  шығармаларынан үзінділер  оқылды.

Ақынның  өмірі  мен  шығармашылығы жайлы слайдтар   көрсетіліп, естелік  деректері  келтірілді.  Қосымша ақпарат  ретінде бейнежазба тамашаланды.

Әбділда  Тәжібаев ұзақ жылдарғы  шығармашылық ғұмырында тынымсыз  ізденіп, үздіксіз  еңбектеніп,  тұтас  бір  дәуірдің   шындығын  жан-жақты,  жоғары көркемдікпен бейнелеген,  артына  бағасыз  мол мұра  қалдырған тұлғалардың    бірегейі  екені  ақиқат.

басқа жаңалықтар