Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Ақмола облысы

«Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой»

«Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой»

«Рухани жаңғыру»  бағдарламасы  аясында мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау және тілдік қарым - қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту мақсатында Зеренді ауданының «Білім бөлімі» ММ жылдық  жоспарға   сәйкес   8-11 сынып оқушылары  арасында «Тіл дарын-2019» аудандық байқауын  өткізді.

Байқауға өңіріміздің   18 мектебінен   44  оқушы қатысты.

Байқау барысында қатысушылар ережеге сай әдеби шығармаларды, қазақ ұлтының салт-дәстүрін, танымал тұлғалар туралы  білімдерін қазақ, орыс және ағылшын тілінде жоғарғы деңгейде көрсетіп, қазылар алқасын таң қалдырды.

Сайыстар  нәтижесінде   Абай орта мектебінің  8 сынып оқушысы Алсу  Біләлова , Ақкөл орта мектебінің  9 сынып оқушысы Елена  Ероховец , Симферополь орта мектебінің 10 сынып оқушысы Есет Айсара,  Садовый орта мектебінің 11 сынып оқушысы Алина  Мороз  1-ші  дәрежелі дипломмен марапатталды.

Березняковка орта мектебінің 8 сынып оқушысы  Гүлнәз Рахманова, М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 8 сынып оқушысы  Алуа Алтынбекова,  Абай орта мектебінің  9 сынып оқушысы Айғаным  Саликова,  Садовый орта мектебінің 9 сынып оқушысы Ғазиз Мөлдір, Ақкөл орта мектебінің  10 сынып оқушысы  Асылбек Ақшолпан, Шағалалы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Айбота  Әбутәліпова, Қызылсая орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қайп Айжан,  Бірлестік  орта мектебінің 11 сынып оқушысы Кәрімжан Жалғас  2-ші  дәрежелі  дипломның   иегерлері  атанды.

Ақкөл орта мектебінің 8 сынып оқушысы   Алина  Қайратованың, Симферополь орта мектебінің  8  сынып оқушысы   Арайлым  Сүлейменованың, №1 Зеренді орта мектебінің 8 сынып оқушысы Адема  Қапезованың, Шағалалы орта мектебінің 9 сынып оқушысы  Аяулым  Әбілқасымованың, Алексеевка орта мектебінің 9 сынып оқушысы Арина  Сағынбаеваның,  Айдарлы негізгі мектебінің 9 сынып оқушысы Диана  Есқожинаның, Раздольный орта мектебінің 10 сынып оқушысы Аружан  Сабированың, Айдабол орта мектебінің 10 сынып оқушысы  Назира  Дастанбекованың, М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 10 сынып оқушысы  Аружан Серікованың,   Шағалалы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Алтынай  Комиеваның, М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектептің11 сынып оқушысы Алтынбек  Аружанның,  Ақкөл орта мектебінің 11 сынып оқушысы Александра  Салабаеваның  білімдері  3-ші  дәрежелі  дипломға   лайық  деп  танылды.

Барлық  қатысушыларға  сертификаттар табысталды.

Байқау  қорытындысында  жеңімпаз  болып  танылған 8-11 сыныптардың   оқушылары «Тіл дарын - 2019» байқауының облыстық кезеңінде  табысты   нәтижелерімен ауданымыздың мәртебесін көтереді деген  сенімдеміз!

басқа жаңалықтар