Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Ақмола облысы

Сот жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды

Сот  жүйесін  жетілдіру  мәселелері  талқыланды

Аудандық  әкімдіктің   мәжіліс  залында   Зеренді  ауданы   әкімінің   міндетін  атқарушы   Бахтияр  Хасеновтің  қатысуымен    Ақмола  облыстық сотының төрағасы Досжан   Әміровтің  аудан  активімен  кездесуі  ұйымдастырылды. 

Досжан Әміров   қатысушыларға  Қазақстан  Республикасының   Президенті   Нұрсұлтан  Назарбаевтың   2018  жылдың  5 қазанында   «Қазақстандықтардың  әл-ауқатының  өсуі: табыс  пен  тұрмыс  сапасын  арттыру» тақырыбымен   ел  халқына  жасаған  Жолдауындағы    сот  жүйесін   жетілдіру  бөлімінде   жүктеген, атап   айтқанда   тұрғындар  тарапынан   соттарға деген  сенімінің жоғары  деңгейін   қамтамасыздандыру, құқықтық  үстемдікке  қол  жеткізу,  сот  жұмысының   заманауи   форматтарын және  озық  электронды  сервистерді   енгізу, уақыт  пен  ресурстардың  орынсыз  шығынын  талап  ететін артық  сот  рәсімдерін   қысқарту   міндеттерін   жүзеге  асыру  мақсатында   Ақмола  облысы   сот  жүйесі  тарапынан   атқарылған   жұмыстар  көлемімен   және   енгізілген   жаңашылдықтармен   таныстырды

Облыстық  соттың   төрағасы  бүгінде   өзінің  тиімділігін   дәлелдеп  үлгерген    «Түнгі сот», «Отбасылық  сот», «Соттағы  татуласу  іс-шаралары», «Фронт  офис» маңызды   жобаларынан  да  кең  көлемді   мәліметтер   келтірді. 

Д.Әміров қатысушыларға   өзара  келісу  үрдісін  қолдануды  дамыту, атап  айт- қанда     медиацияны, сот  актілерін  орындауда   ақпараттық   технологияларды  қолдану    шаралары, мұнымен  қатар  Ақмола   облысы, оның   ішінде    Зеренді  ауданы  бойынша  сот өндірісі  мен  іс қағаздарын   мемлекеттік тілде   жүргізудегі  бірқатар   қиындықтар         туралы  да  ақпарат  берді.  Ол жыл  сайын  4 миллионға   жуық  қазақстандықтар  өздерінің  проблемалы  мәселелерін,  белгілі  бір  мерзім  мен   біршама  материалды  шығынды   қажет  ететін   сот  органдары   арқылы  шешуге  талпынатындарына  ерекше    назар  аударды. Ал  олардың  басым  көпшілігін   медиаторлардың  қатысуымен   немесе   нотариустар  арқылы  шешуге  болатынын   өмірдің  өзі  дәлелдеп  отыр. Осылайша  әрекет  жасау үшін   азаматтар   өздерінің   құқықтары  мен  Қазақстан Республикасында  қолданыстағы   заңдардың  талаптарын  білулері   жеткілікті.   

Күн  тәртібінің негізгі     мәселесі   қаралғаннан    соң      Д.Әміров   өңірде   медиация  қызметін  құрып,  нәтижелі   жұмыс  істеуіне      белсенді  атсалысқаны     үшін Зеренді  селолық  округінің   медиаторы       Серік  Жүнісовті    Ақмола   облыстық   соты   төрағасының   Құрмет  грамотасымен  марапаттады.

Кездесу  мәресіне   жеткеннен   кейін    Досжан Әміров  алдын  ала   белгіленген   кестеге   сәйкес  аудандық  соттың   ғимаратында    азаматтарды  жеке мәселелері  бойынша  қабылдады.

басқа жаңалықтар