Қазақ
USD 365,49
EUR 420,35
RUB 5,6
Акмолинская область

Елді мекенді жайғастыру – жалпы міндет

Елді мекенді жайғастыру – жалпы міндет

Көктемнің жылы  күндері келсімен Зерендіде  көшелерді, қоғамдық орындарды  қалыпты   жағдайға келтіру  жұмыстары бастау алады.  Оны жүзеге асыруға  жеке бөлімдердің, ұйымдар мен  кәсіпорындардың  қызметкерлері де қатысады. Қоқыстарды жинау, жол беттерін   арнайы  материалдар себу арқылы   тегістеу  жұмыстары  елді мекенді жайғастыруға, оның тазалығы мен көзтартымдығын қамтамасыздандыруға бағытталған

Осы дәстүр өткен сенбі күні де қайталанды. Жұмыстар таңертемен қызу қарқын алды:  жол бетіне төселетін  материалдар тиелген  автокөліктер әрі-бері қатынауда, сенбілікке қатысушылар  кеуіп қалған  өсімдік сабақтарын, ұқыпсыз үй иелері тастаған  басқа да  қоқыстарды қаптарға толтыруда.   Үйлерінде отыра алмай, қоғамдық іске өз   үлестерін  қосуға шешім қабылдаған   зейнеткерлердің жұмыс істеп жатқандарының куәсі болдық. Чехов көшесінде аудан әкімі  аппаратының  қызметкерлерімен қатар   мемлекеттік  қызметтің  ардагері  Мұхит Қабдешевтің    де  игі шараға  белсенді   атсалысып жатқанын байқадық. «Бұрындары, кеңес кезеңінде  коммунистік  сенбіліктер өткізілетін, оларға  ұдайы қатысатынмын. Қазір де  сыртта  қалмауға  шешім  қабылдадым,-дейді  ақсақал.

Сенбілікке өскелең ұрпақ  өкілдерінің көптеп қатысулары да құптарлық іс!  Жастардың ресурстық орталығының бастамасымен жоғары сыныптардың оқушылары, орта  мектептердің ұжымдары,    әсем табиғатқа  нұқсан  келтіріп тұрған  қоқыстарды жинау  мақсатында  көлдің жағалауына шықты.

- Зеренді  көлінің жағалауы қатты  ластанып, адам  көргісіз  жағдайға  түскен. Біз жұмысқа құлшына кірісіп, оннан аса қап қоқыстарды жинадық,-деп акцияға қатысты өз ойымен бөлісті ЖРО басшысы  Дастан Рақымжанов. – Экологиялық қызметке  көл жағалауына,   ара  қашықтығы  тіпті 500 метрден  болсын,   «Табиғатты  аялаңыздар», «Қоқыстарды тастамаңыздар» және т.б. жазулары бар  тақтайшаларын   неге  қоймасқа?   Мүмкін осы  шара   оларда  ұят  деген  сезімнің  қалыптасуына  себеп  болар...

Тұрмыстық қалдықтарды арнайы контейнерлердің  қасына  еш  қысылмастан     тастауға,  айналасы ластан-ған  жерде тұру, сенбілік барысында  жиналған жерлерге, мұнымен қатар жол бойы ағаштарының  ішіне  әртүрлі  қоқыстарды тастап,  жаңа үйінділерін  қалыптастыруға   үйренген  аудан тұрғындарына да өз көзқарастарын  өзгерту  қажет екендігі түсінікті. Мұндай  жағдайлар, өкінішке  орай әлі де  жиі  орын алуда!. Немқұрайлылық, қоршаған ортаға, елді мекеннің  эстетикалық  бейнесі мен санитарлық жағдайына    жанашырлық танытпау, сенбіліктер қанша өткізілсе де мұнтаздай тазалыққа әкеле алмасы айдан анық!  Міне, жуырда, атап айтқанда екі жеті  ғана  бұрын он автокөліктен артық  тұрмыстық қоқыстар  шығарылған  микроауданда  қоқыстардың жаңа  үйінділері пайда болған. Осында орналасқан екі-қабатты үйлердің  тұрғындары үшін таза жерде емес, қоқыстардың ортасында  тұру  үйреншікті  жай сыңайлы!  Қоқыстар басқан «совхоз»  атауындағы  аумақтың  тұрғындары да «бұрынғы   әдеттерінен  таймай» өз аулаларының  маңын жинауға асығар емес.

-Тұрғындарды тазалық ережелерін сақтауға, осы шараға  жауапкершілікпен қарауға қанша үгіттесек те  Ілиясов көшесіндегі 23, 23 «а» және  25  «проблемалы» үйлердің маңайы көңіл  көншітпейді. Бір қарағанда  жұмыстар басталған сияқты, бірақ соңына  жеткізілмеген.  Аталған   үйлердің  көптеген  тұрғындарының  лауазымды қызметте  екендерін ескерсек олар  өз мекен жайлары мен  жақын орналасқан  аумақта санитарлық  тазалау  және жайғастыру  ережелерін    сақтауда  басқаларға үлгі болулары керек еді,  алайда жағдай басқаша қалыптасуда, - деді Зеренді селолық округінің әкімі  Константин Новокрещенов.

Халқымызда: «қант» деп  қанша  қайталасаң  да  аузыңмен  оның тәтті дәмін   сезіне  алмайсың деген  сөздер жиі  айтылады. Дәл осылайша  сенбіліктер  неше  рет   өткізілсе де, тұрғындар арасында    тазалық ережелерін   сақтау туралы     қанша  насихат  жұмыстары  жүргізілсе  де,  әр зеренділіктің осы шараға  түсіністікпен  қарап, моральдық және материалдық тұрғыдан бетбұрыс жасамайынша  елді мекенде   тазалықтың салтанат құрмасы   анық...

басқа жаңалықтар