Қазақ
USD 365,49
EUR 420,35
RUB 5,6
Акмолинская область

Бейбітшілік және ел халқы ауызбірлігінің мерекесі

Бейбітшілік және ел халқы ауызбірлігінің мерекесі

Аудан  орталығының  орталық  алаңында  аудан  басшыларының, жеке  бөлімдер мен мекемелердің  басшылары  және  еңбек  ұжымдарының, еңбек ардагерлерінің, қоғамдық бірлестіктер  өкілдерінің, Зерендінің  тұрғындары  және қонақтарының қатысуымен  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  Рәміздері  күніне  арналған   салтанатты   шара  өткізілді.

Осы  айтулы мерекеге қатысушылар  патриоттық музыка әуенімен,  тақырыптық  баннермен ресімделген   сахнаның  алдына  жартылай  шеңбер  үлгісінде  сапқа тұрды.

Жүргізушілердің :  Осыдан  26 жыл бұрын, егеменді еліміз әлемдегі   басқа мемлекеттермен терезесі тең,  өркениетті ел ретінде танылып, 1992  жылдың  4 маусымында  Мемлекеттік  Рәміздер - Ту,  Елтаңба, Әнұран   бекітілді.  Аталған  мемлекеттік  нышандар   жеке  бір елдің  өзіндік өмір салтын, болмыс ерекшелігін,  айрықша арман аңсарын, басқа мемлекеттермен байланыс  мұраттарын  білдіреді. Бүгін біз  патриотизм  толқынымен  осы  күнді  мерекелеу арқылы  мемлекеттік  рәміздерге  деген ерекше   құрметімізді   біл-дірудеміз.  Бүгін  кең байтақ еліміздің барлық өлкелерінде   бейбітшілік  және ел  халқының ауызбіршілігін  білдіретін  мерекені  биікке  самғаған   Мемлекеттік  ту-дың  аясында  атап  өткелі отырмыз,-деген сөздерінен  кейін   Зеренді АІІБ  қызметкерлері  салтанатты  шеру  қадамымен  алаңға   мемлекеттік  рәміздерді шығарып, Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Әнұраны  орындалды.

Зеренді ауданының   әкімі Мереке Мұстафин  қатысушыларға  арнаған  құттықтау сөзінде:

Құрметті зеренділіктер! Қадірменді қонақтар!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік рәміздер - мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Олар халқымыздың рухын, ұлттың салт-санасын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

Баршамыздың   жүрегіміз  Отан  деп соғып, әрқашан  Туымыз еркін-діктің,  Елтаңбамыз бостандық пен жарқын өмірдің символы, ұлы  Гимн  әрбір  қазақстандық үшін  бірлік  пен  татулықтың  негізі  бола   берсін!

Құрметті қауым!

Осы күні баршаңызға баянды бақыт, отбасылық амандық-бірлік, Отанымыздың игілігіне арнаған еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Еліміз тыныш, тұрмысымыз берекелі болсын, құрметті жерлестер! –деп  атап  өтті.

Бағдарламаның    жалғасында  аудандық  Мәдениет  үйінің     қызметкерлері  қазақстандық авторлардың   патриоттық  тақырыптағы  ән-дерін орындады.

Салтанатты  шара мәре- сіне   жеткеннен кейін  «Патриотизм  толқынында»  экологиялық акциясы бастау алды,  шаңғы стадионында  үстел теннисінен, волейболдан, көңілді  старттардан сайыстар ұйымдастырылды.

басқа жаңалықтар